Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады.
Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.