Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алу рәсімі өтті

03.06.2026 12:12

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қағидаттар бекітілді