Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Ақорда
Ақорда

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді», - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

 

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Новости партнеров