Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді», - делінген хабарламада.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорда хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды