Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысын Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды.
Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін еске салайық.