Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, кеше Жаңа Орлеан қаласындағы туристер көп жүретін Бурбон көшесінде күдікті жүк көлігімен адамдарды басып өтіп, кейін оқ жаудырған. Салдарынан 15 кісі көз жұмды. Күдіктінің көзі жойылған.
Оқи отырыңыз: Президент есірткі өндіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтатын заңға қол қойды