Пойыз «Алматы — Түркістан — Ташкент — Самарқанд — Шымкент — Алматы» бағыты бойынша жол жүреді
Қазақстан мен Өзбекстанның көрікті жерлеріне жол тартатын пойыз алғаш рет 2024 жылдың қараша айында іске қосылды. Бүгін Jibek joly туристік пойызы Алматыдан екінші рет сапарға аттанып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Пойыз «Алматы — Түркістан — Ташкент — Самарқанд — Шымкент — Алматы» бағыты бойынша жол жүреді. Тур 5 күнге созылады.
Еске салайық, бұл жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көпбалалы 100-ге жуық полицей қызмет атқарады