Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: қандай құжаттар қабылданды

21.05.2025 16:56

Мажарстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аяқталды

Ақорда

Мажарстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аяқталды. Жиын барысында қатысушы елдердің басшылары ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:

  • Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт декларациясы;
  • Мемлекеттер басшылары кеңесінің Ауғанстан жөніндегі мәлімдемесі;
  • Өзбекстан Республикасын Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосу туралы шешім;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы шешім.
  • Оқи отырыңыз: Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты