Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Сондай-ақ ТМҰ бейресми саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті.
Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралады