Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға келді

13.05.2026 18:11

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі заңсыз сауда нысандарына қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды