Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

27.11.2025 13:06

Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты

Ақорда

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты», - делінген хабарламада.

Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: Президентті «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды