Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

02.09.2024 14:28

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады

akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі.

Осыған дейін 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын хабарлағанбыз.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Оқи отырыңыз: Президент 2 қыркүйекте халыққа жаңа Жолдауын жариялайды