Президент жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады

01.09.2022 16:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

стоп кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Бірлескен отырысқа Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.