Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біз биыл жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетіледі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы омбудсмен тағайындалады. Мемлекет эконномикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығы ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров