«Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 дылға дейін ұзартуға шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 дылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Бұл бағдарламаларға 1 трлн теңге қаржы бөлінеді. Қазақстан салыстырмалы түрде пандемияның салдарын жақсы еңсеріп келеді. Бұл біздің басымдығымыз. Алайда Ұлттық трансферт пен бюджеттің қаржысы шексіз емес. Бюджеттің ұлғайтуын қамтамасыз ету керек», – деді Мемлекет басшысы.