Стратегиялық мақсатымыз орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикалық орнымызды нығайту. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Менің Қазақстан халқыма Жолдауым биылға мынандай мәселелерге арналады. Бірінші – пандемиядан кейінгі кезіндегі экономикалық даму. Орталық Азияда экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен қиындықтарға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылы дейін дамудың Ұлттық жоспарын және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады. Стратегиялық мақсатымыз орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикалық орнымызды нығайту», – деді Мемлекет басшысы
Тікелей көрсетілімді Almaty.tv эфирінен немесе әлеуметтік желідіге ресми пақрақшаларына көре аласыздар.