Қ. Тоқаев: Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр

01.09.2022 16:44

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

egemen.kz

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.  

Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен.

Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек.

Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн.

Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек», - деді Мемлекет басшысы.