Сенаттағы президенттік квотаны қысқарту туралы шешім қабылданды – Тоқаев

16.03.2022 16:44

Фото: ашық дереккөзден

Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сенатта Президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте аз қамтылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан мен Сенаттағы Президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым», – деді Президент.


Теги: жолдау