Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынады
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, биліктің қай деңгейі болсын бастысы халықтың мүддесі қорғалуы керек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45