|
01.09.2021 | 11:49
1408

Мемлекет басшысы: «QazVac» вакцинасына өзге мемлекеттер сұраныс білдіруде

Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі


«QazVac» вакцинасына өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтті. Біз уақытты ұттырмай індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостанциялардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир