Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған
Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйіткелді мәселелер бар екенін көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай-ақ, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейіткен абзал. Жайылым жерлерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгерту үшін батыл шаралар қабылдауы тиіс», – деді Президент.
Үкімет шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуге қатысты заң жобасын дайындауы керек.