Конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды - Мемлекет басшысы

01.09.2022 17:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

Конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», - деді ҚР Президенті.