Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет – Президент

16.03.2022 17:11
Фото: ашық дереккөзден

Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», - деді Мемлекет басшысы.