Сапасының артуына қарай отандық ЖОО-лардағы оқу ақысы да өседі

01.09.2022 17:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

vidhyarthidarpan

Сапасының артуына қарай отандық жоғары оқу орындарындағы білім алу ақысы да өседі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сондықтан, мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр.

Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі.

Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», - деді Президент.

Теги: ЖОО жолдау