Қасым-Жомарт Тоқаев: Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін білуі қажет

01.09.2021 17:45
Almaty.tv

Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін білуі қажет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақ тілі білім мен ғылымның, мәдениеттің тіліне айналды. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін білуі қажет. Орыс тілі БҰҰ-дағы ресми тіл. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарау керек», деді Президент.