Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп формасын барлық оқушыға қолжетімді ету маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру керек деп санаймын. Мектеп формасын сатып алуға берілетін нысаналы мемлекеттік тапсырыстар отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталуы тиіс", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.