Соңғы жылдарда халық телефон алаяқтарына алданып, бірнеше миллиард теңгеден айырылған
Елде жоғары технологиялық құралдарды қолдану арқылы жасалатын киберқылмыс өршіп тұр. Президент Жолдауында құқық қорғау органдарына нақты тапсырма беріп, ұсақ құқықбұзушылықтан бастап, аса ауыр қылмысқа дейін пәрменді күрес жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заң ғылымдарының кандидаты Серікқали Әлібековтің айтуынша, ендігіде жоғары оқу орындарының алдында киберқылмысты аша алатын тергеушілер мен кибер қауіпсіздік саласында қызмет атқара алатын маман дайындау міндеті тұр.
– Техникамен қамтамасыз етуді талап ететіні белгілі. Осыған байланысты университет әкімшілігінің шешімімен криминалистикалық лаборатория құруды қолға алды. Сонымен қатар университеттің жанынан ашылып жатқан технопарктегі құралдарды пайдалану арқылы компьютерлік қылмысты ашуға, сапалы тергеуге, олардың профилактикасын жүзеге асыруға байланысты мамандарды дайындау жүзеге асырылып жатыр, – деді заң ғылымдарының кандидаты Серікқали Әлібеков.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдарда халық телефон алаяқтарына алданып, бірнеше миллиард теңгеден айырылған.
Оқи отырыңыз. Мемлекет басшысы: Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі