Жас көшбасшылар Президенттің бастамаларын талқылады

Жас көшбасшылар Президенттің бастамаларын талқылады
Қатысушылар Президент Жолдауы қоғамның, қазақстандық жастардың үмітіне және уақыт сұранысына сай келеді деген пікірге келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Онлайн-форматта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онлайн-конференцияға республикалық жастар ұйымдарының, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттарының, «Назарбаев Университетінің» өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, жас саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, экономистер қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мақсұтбек Айтмағанбет, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева Мемлекет басшысының отбасы институтын, әйелдердің гендерлік теңдігін және экономикалық және саяси ұстанымдарын нығайту жөніндегі бастамаларын атап өтті, сондай-ақ ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын өзектендіру жұмысына қатысуға дайындығын білдірді.

Пікірталас барысында жастар ұйымдарының басшылары әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды, дарынды жастар мен жас ғалымдарды қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының қосалқы, маңызды және жүйелі құрамдас бөлігі болады деген пікір білдірді.

Қатысушылар Президент Жолдауы қоғамның, қазақстандық жастардың үмітіне және уақыт сұранысына сай келеді деген пікірге келді.


Новости партнеров