|
15.09.2022 | 15:02
989

Тәрбиеші мәртебесін өсіру – жас ұрпақтың болашағы үшін маңызды

Жолдауды талқылауға жиналғандар университет, медициналық ұйымдардың жағдайын жақсарту керегін айтты

Тәрбиеші мәртебесін өсіру – жас ұрпақтың болашағы үшін маңызды Almaty.tv

Тәрбиеші мәртебесін өсіру – жас ұрпақтың болашағы үшін маңызды. Бүгін «AMANAT» партиясының Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жолдаудағы осы бір маңызды бағыт талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиналғандар мектепке дейінгі білім беру мамандарын дайындау ісінің аса маңызды екенін айтты. Жалпы, университетте қазір білім алып жатқан 8300 студент бар. Жыл сайын оқу ордасынан 2 мыңдай жас мұғалім түлеп ұшады.

«Мемлекет тарапынан 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл да ары қарай мұғалімнің қоғамдағы рөлін арттуына үлес қосады.  Педагогикалық университеттер де маманның білім  сапасы артады. Яғни, бізге қойылатын талаптар жоғарлайды деген сөз. Өзіміздің академиялық бағдарламаларымызды қайта қарап, жаңа форматтағы мамандар дайындау – өте маңызды мақсаттардың бірі. Жоғары білімге келетін болсақ, ғылым саласында да  жаңалық көп», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай.

Ел президенті халыққа Жолдауында еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесінің жоқтығын айтты. Жоспар бойынша алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынатын болды. Сонда бір миллионнан астам адамның дәрігерге қаралатын мүмкіндігі туады. Оған қоса, 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Жолдауды талқылауға жиналғандар университет, медициналық ұйымдардың жағдайын жақсарту керегін айтты.

«Жолдаудың ішіндегі атап өтетін жағдай денсаулық саласына көп көңіл бөлді. Себебі, дені сау азамат жақсы салауатты қоғамды құрайды. Сол үшін ауылда алшақ жерде орналасқан ауыл азаматтары ауданды жерлер үшін бұл медицина қолжетімді және сапалы болады. Ал білікті маман, білімді медицина қызметкерлерін дайындау үшін университет, медициналық ұйымдардың жағдайын жақсарту керек», – деді қалалық мәслихат депутаты Алмат Қодасбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир