ҚазҰАУ оқытушылары мен Медеу ауданының қызметкерлері Президент Жолдауын талқылады

07.09.2021 20:03

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен саяси бағдарламаның маңызды тұстары Алматыда жан-жақты талқыланды

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен саяси бағдарламаның маңызды тұстары Алматыда жан-жақты талқыланды. Медеу ауданының мемлекеттік қызметкерлері Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде бас қосып, оқу орнының мамандарымен бірге жүйелі реформадағы пункттер бойынша атқарылған қызметтерді пысықтап шықты. Жиын соңында аудан әкімі Әсет Масабаев ортақ мүддені биік қоюды тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Білім саласының маманы ретінде бұл өзекте жүрген, ел болашағын ойлаған Жолдауда айтылған көп мәселелер бәрімізге де, әрқайсымызға тың идея берді. Әсіресе білім саласындағы көтеріп отырған өзекті мәселелердің бірі студенттердің офлайн форматта оралуы болып отыр», – деді Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің проректоры Жанар Дәуренбаева.