Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды. Оларды тиімді реформалау – Жаңа Қазақстан табысты құрудың бірден-бір кепілі. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Реформалардың негізгі мазмұны – бірінші кезекте өскелең ұрпақтың мүддесі, адами ресурстарды дамыту, мемлекеттің әлеуметтік құрамды бөлігін күшейту тақырыптарын қозғады. Яғни, мықты әрі белсенді және бәсекеге қабілетті қоғам құру арқылы – табысты мемлекет құру жолын жалғастыру.
"Жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды. Атап айтқанда, декреттік төлем мерзімін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін балалардың есеп-шотына аудару, білім алу үшін жеңілдетілген несие беру және т.б. Президенттің назарынан синтетикалық есірткімен күрес пен отбасылық-тұрмыстық әлімжеттілік жасайтындарға жазаны күшейту мәселелері де тыс қалған жоқ", - деп жазды Балаева.
Оның айтуынша, Жолдауда айтылған реформалар – еліміздің табысты болашағын айқындайтын нақты іс-әрекет жасаудың айқын нұсқаулығы әрі тікелей тапсырмалардың жиынтығы.