Аймақтардың дербес болып дамуы пайдасын береді – Айдос Сарым

Almaty.tv
Almaty.tv
Депутат Президент жолдауында айтылған мәселелерге қатысты ойын білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аймақтардың дербес болып дамуы пайдасын береді. Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым бүгінгі Президент жолдауында айтылған мәселелерге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекет басшысы тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғырту керек деді. Ал сол арқылы мұндағы туризмді де дамытуға болатынын алға тартты депутат. 

«Қазақ үшін қасиетті Семей өңірінің, қастерлі облыстың қайтадан түлеуі, Абай атамыздың аты берілуі өз символизмі, рухани бастауы бар дүние деп есептеймін. Сол сияқты Ұлытау – біздің тарихи кластеріміз. Ішінде Алаша хан жатыр. Ішінде үлкен тарихи жәдігерлеріміз бар. Соған туризмді тарту. Өйткені ерте ме, кеш пе, мыс та бітеді. Ол жақта ірі компаниялар өз жұмыстарын аяқтайды. Сол кезде халық не істемек деген мәселеге келетін болсақ, онда әрине, туризмді дамыту арқылы аймақты ұстап қаламыз», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.

Новости партнеров