Қалалық мәслихат депутаты ұжыммен кездесіп, Жолдауды талқылады
«Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды». Өзінің халыққа Жолдауында тіршілік көзінің түйткіліне тоқталған Президент сырттан келетін судың азайып бара жатқанын мәлімдеген еді. Бұл бағытта "Алматы су" мекемесінің ұжымы қалалық мәслихат депутатымен біріге өзара талқылау жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сергей Пономарев мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына арнайы барып, күрделі мәселені дер кезінде қолға алу керегін айтты. Жалпы су тапшылығын, оны тиімсіз пайдаланудың зардаптарын жою үшін Қасым-Жомарт Тоқаев 3 жылдық арнайы жоба әзірлеуді тапсырған болатын.
«Алматы Су» мекемесі алматылықтарды түгелдей таза ауыз сумен қамтып отыр. Сол себепті де Президенттің бұл бағытта айтқан бастамалары ұжым үшін аса маңызды болуы керек. Соңғы жылдары су жетіспеушілігі мәселесі қатты байқалуда. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Талғар, Шелек, Қаскелең сынды елді мекендерді айтайық. Мұнда өзендер тартылып жатыр. Түйткілді уақытылы шешпесек, оның зардабы ауыр болуы мүмкін», – деді қалалық мәслихат депутаты Сергей Пономарев.