|
17.03.2022 | 15:54
561

Әділгерей Зұлхаров: Ұлытау – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын мекен

Әділгерей Зұлхаров: Ұлытау – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын мекен inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров өз ой-толғамын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, Президенттің жаңадан үш облыс құрылып, оларға Абай, Жетісу және Ұлытау атауы берілетіні жөнінде мәлімдеуі барша халықты қуантқан жаңалық болды.

Шын мәнісінде Семей өңірі қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған жері болса, Алатау баурайындағы Алматы аймағы Жетісу атауымен ұрпақ жадында сақталып келеді. Ал Ұлытау – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын мекен. Сол секілді Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс та орынды. Тарихи атауларды қайтарып, ұлылар есімін ардақтау ұрпақ санасына оң әсер ететіні анық.

Ә. Зұлхаровтың ҚазАқпаратқа берген сұхбатында, елімізде мемлекеттік басқару үрдісінде, заң шығарушы органдарда көптеген өзгерістер болатыны анық. Президент Жолдауындағы жаңа идеялар мен тапсырмаларды орындау үшін Ата заңымызға 30-дан астам өзгеріс енгізіліп, жыл соңына дейін 20 заң қабылдау керектігі айтылды. Нағыз саяси жаңару осы болмақ деді.

«Осы орайда жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жас буынның жүгі қомақты екендігін сезінеміз. Яғни жуырда орын алатын өзгерістер бүгінгі жастардың жұмыс істеуіне, білім алуына, келешегіне зор үмітпен қарауына тың серпін бермек. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін бірлесе жұмыс атқарудың маңызы зор. Себебі Президент айтқанындай, бізге сырттан келіп, ешкім көмектеспейді. Жолдаудың тағы бір маңызды тұсы, түрлі сала өкілдерінің басын қосқан қоғамдық кеңестің орнына құрылтайдың құрылуы. Жалпы, құрылтай сөзі қазақ халқының өмірінде ерекше маңызға ие. Бұл ретте өңірдегі жастардың басын біріктіретін құрылтай құрылуы керек деп есептеймін. Тек ол жанды да ықпалды болуы қажет. Сондықтан жастар өкілдерін жинап, осы жолда іс тындыратын боламыз», - деді Ә.Зұлхаров.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын генерал-майор Әлібек Серәлиевтің қазір тәуелсіздігіміз бен конституциялық құрылымымызды нығайтатын уақыт екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолдау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир