|
06.09.2022 | 15:58
518

Жолдау –2022: ҚХА жастары есірткімен күрес жұмысын күшейті

Олар 2 жылда есірткіге шақыратын 80 шақты жарнаманы өшірген

Жолдау –2022: ҚХА жастары есірткімен күрес жұмысын күшейті Almaty.tv

ҚХА мүше белсенді жастар соңғы екі жылда есірткіге шақыратын 80 шақты жарнаманы өшірген. Жолдаумен танысқаннан кейін ұйым жастары бұл жұмыстарды күшейтпек. Бүгін Алматыда этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері бас қосып, Президент ұсынған бағдарламаны талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚХА мүшелерінің айтуынша, мықты заңгерлерді мекемелерге тарту, кадрға үлкен көңіл бөлу – әділ қоғам қалыптастырудың бірден бір жолы. Президент бәрін заң шеңберінде елеп-екшеп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға мән беруі бекер емес.

«Судьялардың тәуелсіздігін көтеру керек. Судья тәуелсіз болуы керек. Өзі шешім қабылдап, тікелей Президентке бағынады. Сол тәуелсіздігін, материалдық, техникалық жағын көтеру керек», – деді Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасы меңгерушісі Болысбек Батталханов.

Мемлекет басшысы синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіреді деп келер ұрпақтың болашағына алаңдаушылық білдіреді.

«Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр. Есірткіні, тіпті үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдауды тыңдаған Ассамблея жастары есірткімен күрес жұмыстарын күшейтуді қолға алған. Жастар соңғы екі жылда синтетикалық заттарды жарнамалайтын 80-нен аса жарнаманы өшіріп, бұл іспен айналысатындардың ізін кесуге ықпал жасапты. Жастар одағының төрағасы интернеттегі күдікті боттарды да анықтап құзырлы органдарға хабарлап отыратынын жеткізді.

«Біз ассамблеяның белсенді жастары ретінде есірткіні пайдалануға, таратуға қатысты шараларды тұрақты ұйымдастырамыз. Психотроптық заттарды таратып жүргендердің ізін кескен еріктілеріміз де бар. Студенттер комитеті де есірткіге әуес жастарды көрсе бірден дабыл қағады», – деді ҚХА Ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев.

Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс деп санайды Ассамблея өкілдері. Сондықтан бұл жұмыстарға ұйымның 100-ден аса белсендісі мен 500-ге жуық еріктісі біріге жұмыс істеуге құлықты.

Назкен Еркін, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир