|
06.09.2022 | 16:10
415

Саясаттанушы: Президент Жолдауы – саяси реформалардың жаңа кезеңі

Президент сайлауы өткен соң, Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады

Саясаттанушы: Президент Жолдауы – саяси реформалардың жаңа кезеңі zhaikpress.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр.Саясаттанушы, М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы Тұрар Шайхиев те Facebook парақшасында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның пайымдауынша, Жолдаудағы ең басты саяси жаңалық, бұл - Мемлекет басшысының еліміздің саяси жүйесінің тұрақтылығын сақтаумен қатар, жаңа геосаяси тәуекелдер мен ішкі саяси сұраныстарға жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында осы жылдың күзінде Президент сайлауын өткізу туралы жоғары деңгейдегі саяси шешім қабылдауы.

"Қазіргі әлемде саяси өзгерістер көз ілеспес шапшаңдықпен өтіп жатыр. Сыртқы әлемде немесе ел ішінде болған кез – келген саяси өзгерістер оларға жедел әрі тиімді жауап беруді талап етеді. Олай болмаған жағдайда, бұл ішкі саяси тұрақтылық пен елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, Президент өзі атап өткендей, келесі жылдың ортасына дейін еліміздің жоғары саяси басқару жүйесі толықтай жаңартылуы тиіс", - дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, осы жылы күзде Президент сайлауы өтетін болса, келесі жылдың көктемінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихаттар сайлауы өтетін болады. Содан кейін барып, жаңа Үкімет құрамы жасақталатын болады. Әрине, Президент сайлауы өткен соң, Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан, Үкіметтің жаңа құрамы неліктен Парламент Мәжілісі сайлауынан кейін жасақталатындығына да, Президент өз Жолдауында нақты жауап беріп өтті. Болашақта, Үкімет құрамында Парламент Мәжілісі сайлауында жеңіске жеткен барлық саяси партиялар өкілдерінің де болуы көзделіп отыр.

"Әлемнің барлық өте дамыған демократиялық елдерінде Үкімет құрамы осылай жасақталады. Қорыта айытқанда, Президент Жолдауы демократиялық әрі әділетті «Жаңа Қазақстанның» ауқымды саяси жоспары және еліміздегі саяси реформалардың жаңа демократиялық либералды кезеңіне жол ашқан саяси құжат болды", - деп жазды Тұрар Шайхиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир