Ғалым Қалибекұлы: Жолдау елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталған

07.09.2022 21:31

Экономикалық басқару тәсілдері жағындағы тәртіпсіздік, келеңсіздік деген дүниелердің барлығына нүкте қойып отыр

almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Қалибекұлының айтуынша, Президенттің Ұлттық қордан балаларға жәрдемақы беріледі, басына есепшот ашылады деген мәлімдемесі жұртты қуантты. 

"Экономикалық басқару тәсілдері жағындағы тәртіпсіздік, келеңсіздік деген дүниелердің барлығына нүкте қойып отыр. Кедендегі тәртіпсіздік, орта шағын бизнестегі тәртіпсіздік, әсіресе мынау тексеріс деген дүние, жүйесіздік, осының барлығына бір үлкен бағыт-бағдар көрсетіп, бірыңғай экономикалық жүйені қалыптасырудың үлкен негізін қалады десе болады", - деді ақын.

Ғалым Қалибекұлының пайымдауынша, Жолдаудың мәні – біздің елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталып, Қазақстан халқының экономикалық жағынан өсіп, өркендеуі үшін басты бағыт болды.