|
06.09.2022 | 16:52
787

Жолдауда айтылған жобалар жарқын болашаққа жол ашады - Гүлден Жашаралина

Педагогтерді 3 жыл сайын аккредитациялау білімді жаңа түрде беруді қамтамасыз етеді

Жолдауда айтылған жобалар жарқын болашаққа жол ашады - Гүлден Жашаралина Almaty.tv

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім саласына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының маманы Гүлден Жашаралина да Жолдауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, университеттің мұғалімдерін және де мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын педагогтардың 5 жыл сайын емес, 3 жыл сайын аккредитациялау, яғни біліктілігін арттыруын жаңартып отыру керектігін көрсетеді. 

"Бұл дегеніміз мемлекеттегі жастарға, мұғалімдердің жаңа білімді әр жыл сайын жаңа түрде, жаңа формада беруін қамтамасыз етудің анық көрсеткіші деп айтсақ болады. Сонымен қатар балабақшаны да аккредитациялау мәселесіне тоқталсақ, тек қана балабақшаны емес, соның ішінде тәрбиешіні жекелей аккредитациялау мәселесіне де анық түрде тоқталған болатын", - дейді ол.

Гүлден Жашаралинаның пікірінше, Президент Жолдауында көрсеткен, атап айтқан нақты жобаларының барлығы алдағы таңда біздің мемлекетіміздің жоғары деңгейде өсіп, болашағының жарқын болуына жол ашады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир