Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жолдауда екі үлкен блок бар. Олардың біріншісі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арналған. Соңғы кезде белсенді талқыланған тақырыптарға рефлексия жасалды деуге болады. Оның бәрі жеткілікті деңгейде резонанспен қабылданып, талқыланды. Екінші блок неғұрлым жүйелі және құрылымдық, жүйелік шешімдерді қамтыды. Президент саясаттың бағдарын ғана емес, сонымен бірге қоғам талқысына резонансты немесе тыйым салынған кейбір тақырыптарды шығаруға тырысады. Қазір өзекті тақырыптар деп бұл өңірлік саясат, урбанизация, пандемия кезеңінде қатты құлдырап кеткен білім беру проблемасын айтуға болады», – деді Айдос Сарым ұлттық кеңес жиынының алдында.
Сарапшы отырыста Жолдаудың өзіне барынша әсер еткен сәттерін атап өтті.
«Маған ұнағаны – билік күн тәртібін қалыптастыруға, жаңа тақырыптарды ортаға тастауға, қоғамдық бизнесті тиімді етуге тырысады. Бұл үлкен саясаткер айналысуы керек іс және Президенттің бұл талпысыны көңілге қонымды», – дейді Ұлттық Мәжіліс депутаты.
«Мен кешегі Жолдаудың көп бөлігі ұлттық интеллигенцияға бағытталғанын байқадым. Бізге бүгін жиналу керек. Соңғы жылдары гуманитарлық ғылымдарға сұраныс артты және бұл жұмыс жалғасады деп сенемін. Біз неге барлық саяси реформаларды қолдай отырып, гуманитарлық ғылымдарға, әлеуметтанушыларға, саясаттанушыларға, дінтанушыларға сұраныс өсетінін ескермейміз», – деп түйіндеді Айдос Сарым.