Жолдауды қолдағандардың арасынан ауған соғысының ардагерлері де бар
Бүгін «Қазақстан - біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының өкілдері Президент жолдауын талқыға салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда бас қосқан 40-тан астам адам мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды іске асырудың негізгі тетіктерін саралады. Жолдауды қолдағандардың арасынан ауған соғысының ардагерлері де табылды.
«Қазақстанға серпіліс керек. Сол серпіліс, міне, басталды. Қаңтарда басталды. Біз бәріміз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Кіші істермен Қазақстанды жаңа серпіліске жеткізуіміз керек», – деді «Қазақстан – біздің шаңырағымыз» азаматтық қозғалысының мүшесі Марк Бейдали.