Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұркен Айтымбетовтың айтуынша, бағаны бақылауда ұстау мәселесі, күрделі саяси жағдайға байланысты санкциялар бағаның тұрақсыздығына, валютаның тұрақсыздығына әсер етіп жатыр.
"Цифрландыру мәселесі. Бұл бізге не пайда алып келеді? Бұл түскен пайда мен шығынның ашықтығын көрсетеді. Яғни оны бәріміз, халық болып, әрбір түскен пайданы көріп отырамыз. Сонымен қатар экономикамыздың шикізатқа тәуелділігін азайтуымыз керек. Яғни, біз өзіміз өндіріс, өнім шығаруымыз керек. Осыны алға қойып, дамыту керек. Ол үшін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту керек. Тағы Жолдаудың басым тұсы – соңғы уақытта осы шағын және орта бизнесті тексерулер көбейіп кетті. Бағаны бақылауда ұстау мәселесі, мына күрделі саяси жағдайға байланысты санкциялар бағаның тұрақсыздығына, валютаның тұрақсыздығына әсер етіп жатыр ғой. Ішкі азық-түлік бағасы, қызмет бағасы, медициналық қызметтер бағасы өсіп жатыр. Соны мемлекет өзі араласып, әрдайым бақылауда ұстап отыр. Бұл бір жағынан халық үшін пайдалы. Екінші жағынан пайдасыз тұстары да бар. Өйткені, бағаны бақылауда ұстауға болмайды. Бағаны нарық өзі бақылауда ұстауы керек. Сондықтан Президент кеше осыны тағы да тапсырып айтты. Шағын және орта бизнесті тексеруді, бақылауды азайтуымыз керек деді. Тек монополизацияны ғана бақылауда ұстау керек деген секілді мәселелерді көтерді", - деді саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары Нұркен Айтымбетов.