|
01.09.2022 | 17:40
3904

Әр бала 18 жасқа толғанша есепшотында кемі 3 мың доллар жиналады - Руслан Желдібай

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады

Әр бала 18 жасқа толғанша есепшотында кемі 3 мың доллар жиналады - Руслан Желдібай primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық қордың бір бөлігі 18 жасқа толмаған қазақстандықтардың есепшотына аударылатынын мәлімдеген болатын. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында осы мәлімдеменің кей тұстарын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады", - деп жазды Руслан Желдібай. 

Хатшы жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатынын айтып өтті.

"Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады", - деп толықтырды ол. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир