Б. Сағынтаев: Алматыда мемлекеттік қызметтердің 98 пайызға жуығы автоматтандырылған

Almaty.tv
Almaty.tv
2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен электронды форматта ұсыну бойынша жұмыс жүргізілетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған цифрландыру мен АT саласын дамыту жөніндегі  міндеттердің шешімі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Президент Қ.-Ж. Тоқаев баяндамасында терең цифрландыру мен отандық АТ саласын нығайту мәселелеріне назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразия аймағының маңызды бөлігінде орталық цифрлық хабқа айналуы керектігін  атап өтті.

«Алматы бұл міндетті жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиіс. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер, экономика саласы ретінде цифрландыруды дамыту – қала экономикасының құрылымын  диверсификациялау жөніндегі бағыттың стратегиялық басымдығы»,  деді Б. Сағынтаев.

Бүгінде Алматыда мемлекеттік қызметтердің 97,8% автоматтандырылған. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонмен электронды форматта ұсыну бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

«2025 жылға дейін Smart Almaty стратегиясы әзірленді, қаладағы барлық АT-компаниялардың тізілімі құрылды. Қаланың «цифрлық егізін» дамыту жұмыстары жүргізілуде. Біз мегаполисті Big data мен жасанды интеллект негізінде тиімді басқаруға ұмтыламыз», деді Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Алматыдағы IT-қауымдастықты қолдау және дамыту үшін қаланың барлық университеттері мен технологиялық компанияларын біріктіретін бірыңғай байланыс кеңістігі іске қосылды. Жыл соңына дейін «Француз мектебі 01 үлгісінде» 2 мың адамға арналған лицензиясы бар бағдарламалау мектебін ашу жоспарлануда. Алғашқы кездесу келесі жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматының әр ауданында жеке инвестицияларды барынша тарта отырып, бағдарламалау, радиоэлектроника және АТ-инкубаторлар мектептерін ашу жоспарлануда.

Новости партнеров