АЭС жұмысын қадағалап, қауіпсіздігіне жауап беретін мамандарды дайындау – басты міндет

Жазушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған басым бағыттарды талқылады

АЭС жұмысын қадағалап, қауіпсіздігіне жауап беретін мамандарды дайындау – басты міндет Almaty.tv

«Атом электр стансасы бізге керек». Осылай деп пікір білдірген қоғам қайраткерлері Жазушылар одағында бас қосып, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған басым бағыттарды талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ 30-ға жуық ақын-жазушы ғалымдардың зерттеу жұмысын талдады. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлы АЭС салынған күннің өзінде, оның жұмысын жүргізіп, қадағалап, қауіпсіздігіне жауап беретін мамандарды дайындау – басты міндет болып отырғанын айтты. Оның сөзінше, 10 жылдың ішінде дәл осы салада жұмыс істей алатын кем дегенде 50 инженерді оқытып шығуға, біліктілігін арттыруға болады. Сондай-ақ одақтың мүшесі АЭС көп мөлшердегі суды да қажет етпейтінін айтты.

– Су булануға тиіс, ол бұлтқа, ал бұлт қайтадан суға айналады. Осы процесстегі пайыздық өлшемін ғылыми түрде негізге алды деп ойлаймын, – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлы.

Сондай-ақ жиында зиялы қауым өкілдері экономика, экология, медицина саласына қатысты ой білдіріп, салық жүйесіндегі тиімділікті сөз етті. Олар жұмысшылардың мәртебесін көтеру, аудан, ауылдарда мұғалім мен дәрігерлер санының өсуін қадағалау, ауыл шаруашылығы саласында меншік иелері мен еңбекшілердің арасындағы байланысты дұрыстау, банктерге қатысты заң жүйесін жаңалау, жол-көлік апатын азайтуға қатысты іс-қимыл жасау сынды біршама маңызды мәселеге қатысты ой қорытты.

– Дүниежүзінде 30 елде 200-ден астам АЭС бар. Солардың біреуінде апат немесе келеңсіз жағдай болды деп естімеппін. Өйткені құрлысты білікті мамандар өте мұқият салады, – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы ақпараттар қолжетімді болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир