Президент Жолдауы саяси жаңарудың жалғасы
Мемлекет басшысының Жолдауын талқыға салған қалалық мәслихат депутаттары «Тапсырмалар тиісінше тезірек орындалуы керек» дейді. Бұл мақсатқа жауапты органдар да жұмыла кіріседі. Әр бағыт бойынша жеке-жеке сөз алған ақ жағалылар елдің қоғамдық-әлеуметтік, әрі экономикалық ахуалы қозғалған Президент Жолдауын саяси жаңарудың жалғасы деп санайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Президенттің Жолдауын талқылады. Біздің депутаттар осы Жолдаудың маңызын атап өтті. Бірнеше өзгерістерді көріп отырмыз. Ары қарай да саяси модернизация да жалғасады. Ол бүгін анық болды», – деді қалалық мәслихаттың хатшысы Станислав Канкуров.
«Қазіргі таңда балабақшада жалақы өте төмен, аз. 100-120 мың көлемінде тәрбиешілер жалақы алып жүр. Біздің Президентіміздің бастамасы оларға серпін береді деп айта аламын», – деді Amanat партиясы фракциясының мүшесі, мәслихат депутаты Арайлым Шамова.