Елімізде мәслихат депуттарының мәртебесі көтеріледі. Бұған дейін облыстар мен республикалық қалалардың әкімін Президент бекітсе, бұл жүктеме енді мәслихат депуттарына артылады. Осылай деген ардагерлер кеңесінің төрағасы Көпесбай Жампейісов енді оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтып өткендей, өңірлерге кем дегенде екі кандидат ұсынылады. Осылайша, Президент әкімдерді мәслихаттардың шешімінен кейін тағайындайды. Бүгін осы және өзге де бағыттарды алматылық бесленділер өзара талқылап, алдағы уақытқа жоспар құрды.
«Бұған дейін біз хатшылық қызмет қана атқарып келсек, енді төрағалық лауазым беріп отыр. Бұл мәслихат депуттарының деңгейін көтереді. Біз халық арасында жиі жүреміз. Қордаланған мәселелерден хабардармыз. Қоғам арасындағы түйткілді шаруаларды ескере отырып, қала немесе өңір әкімдерін таңдаймыз. Президент осы арқылы билік пен халық арасын жақындатуды көздеп отыр», - деді қалалық мәслихат депутаты Көпесбай Жампейісов.
Мәслихат депуттары жиын кезінде талқылаған тағы бір бағыт – ұлы бабалардың есімін жаңғырту. Елімізде 3 облыс құру және оған ұлылардың атын беру құптарлық шешім екенін айтады.
«Қаңтар оқиғасынан кейін біз күткен Жолдау болды. Менің көңіліме жаққаны, елімізде 3 облыстың құрылуы. Бұл – қала жанындағы ауыл-аймақтардың агломерациясы. Осы арқылы халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жақсарады деп ойлаймын», - деді қалалық мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев.