Жүрсін Ерман Жолдау жайында – 7 жылда өзі бастаған реформаны толықтай аяқтауға мүмкіндік бар

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының бір мерзімге ғана сайланып, бастаған реформаларын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік алады. Осылай деген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында кеезктен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын білдірді. Осы мәселе төңірегінде әңгіме жүріп жатыр. Елімізде саяси өзгерістер болып жатыр.  Конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру үшін алды-артына алаңдамай іске кірісуі үшін Президенттің қолы 7 жылға босауы керек. 7 жыл деген әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Осы елдің Премьер-министрі де, Сыртқы істер министрі де болды. Сенаттың төрағасы да болды. Халықаралық деңгейде беделге ие болған аса тәжірибелі дипломат», – деді ақын Жүрсін Ерман.

Ақын халықты бір кісідей Президенттің төңірегіне топтасып, оны қолдауға шақырды.

«Қазір бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ. Енді аяғымыздан тұрдық деп келе жатқанда, бәріміз бір кісідей осы Президенттің төңірегіне топтасып, оған жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Үш жарым жыл Тоқаев халықтың сенімін артып, билікке ие болды. Енді бүкіл  халықтың сайлау арқылы 7 жылға қайта сайланатын болса, өзі бастаған реформаларды толығымен аяқтауға мүмкіндік алады. Сондықтан бүкіл халық болып қолдауымыз керек. Қарапайым қазақтың тілімен айтсақ, осындай қисынды көріп отырмын. Келесі сайлаудан өтем бе деген қауіп-қатерді ойламай, бірыңғай мемлекеттің ішкі-сыртқы шаруаларымен айналысуға мүмкіндік беріледі», – деді ақын Жүрсін Ерман.

Оқи отырыңыз: Ғалым Қалибекұлы: Жолдау елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталған


Новости партнеров