18 жасқа дейінгі балалардың арнайы шотына Ұлттық қордан ақша аударылады. Мемлекет басшысы Жолдауында әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін атап өтті, деп хабарлады Almaty.tv.
Бұл бастаманы көпшілік қолдап отыр. Жөргекпұлды бір жарым жасқа дейін создыру да құптарлық іс. Алматылықтардың айтуынша, декреттік демалыста отырған аналар үшін үлкен қолдау болмақ:
«Жөргекпұлдың 1,5 жасқа дейін созылуын өзім құптаймын, дұрыс деп ойлаймын. Баламен отырған анаға кәдімгідей көмек. Жас семьяларға бұрын қиын болатын, енді көмек болады деп ойламын», – деді қала тұрғыны Айымхан Құсайынова .
«Жастарға мүмкіндік бергені жақсы ғой. Ақша жағынан қолдап, субсидия беріп, процент көбейтсе, бәріне де жақсы. Бизнестің өзі бөлінеді ғой, бастапқы, жоғары деп. Бастапқы бөлігіне жастарға қолдау қажет», – деді қала тұрғыны Бекзат Сахи.
«Әрине қолдаймын, өзімнің 3 балам бар. Балалардың болашағы үшін ғой. Ертең оқуға түседі. Ол үшін де үлкен қаражат қой. Сол себептен көмек», – деді қала тұрғыны Айнагүл Жаманқұлова.
«Иә, жақсы қолдаймын. Қазір жастардың арасында толық емес отбасылар көп. Сол жағынан оқуын төлеуге де, оқуын бітірген жағдайда үйге очердьке тұрса, 2-3 жылсыз ала алмайды. Соған жеңілдірек болатын еді», – деді қала тұрғыны Гүлжайна Бейсенова.