Осы жолы халық сайлауға белсенді қатысты
Ауыл әкімі халықтың көңілінен шығуы үшін жұмыс істеуі тиіс. Осылай деген Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы, ауыл әкімдері жергілікті жерде мал жайылымы, ауыл көшелерін жөндеу, тазалық сынды мәселелерді шешуі қажет дейді, деп хабарлайды Almaty.tv
Сонымен қатар, бюджеттен және бюджеттен тыс инвестиция тарта білуі тиіс. Қай ауылға көп қаржы құйылып жатса, сол ауылдың әкімі белсенді деген сөз. Оның жұмысын да жақсы бағалауға болады.
«Үлкен науқан өтті, 800-ге жуық ауылдың әкімі сайланды. Бұл бастамасы ғана. Жыл сайын әкімдерінің қызмет мерзімі аяқталған ауылдарда сайлау өтеді. Осы жолы халық сайлауға белсенді қатысты. Дегенмен, әлі де алдағы уақытта белсенділік күшейеді деп ойлаймын. Ең алдымен халықтың сайлауға қатысуы және үміткерлердің көбеюуі. Өйткені шын мәнінде мынау халықтың көтеретіні неге мынау, ауылдан өз әкімімізді сайламаймыз деген. Халық өз әкімін сайлап, өзіне жауапкершілік алып жатыр»,– деді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.
Ал,«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов 70 пайыз кәсіптерге стандарттар әзірлеу қажет дейді. Айтуынша, мұндай заң, жұмыс берушілер қоятын талаптарды реттейтін болады. Қазіргі уақытта бізде 580-нен астам кәсіптік стандарттар бекітілген. Дегенмен, бұл барлық кәсіптердің тек қана 30 пайызын құрайды.
«Яғни, алда жұмыстың үлкен көлемі тұр. 70 пайыз кәсіптік стандарттар әзірлеу қажет. Кәсіби біліктіліктер туралы аталған заң аясында бұл жұмыстарды үйлестірумен айналысатын жеке органның құрылатындығына үміт бар. Әрбір салада мұндай кәсіптік стандартың болуы өте маңызды»,– деді «Атамекен» ҚР ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов.