Президент Жолдауында айтылған басым бағыттарға жастар мен қоғам белсенділері де үн қосты. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында бас қосқан сарапшылар Жолдауда көрсетілген мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv
Құжатта әлеуметтік сала мен кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру секілді басым бағыттардың айтылғаны көпшіліктің көңіліне қонды», – дейді отырысқа қатысушылар. Сондай-ақ, жиын барысында «Рухани жаңғырудың» жаңа кезеңіндегі алда тұрған міндеттер де айтылды.
«Реформалардың жүйелілігі байқалды. Ауыл әкімдерінің сайлауы қорытындыланып, оның негізінде аудан әкімдерін сайлауға өтіп, халықтың көңіл күйін сараптау үшін тәуелсіз сауалнамаларды өткізу керек деп айтылған болатын. Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекетті жүзеге асырудағы халық үнін естудің жаңа бір механизмі деп білемін», – деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Индира Рыстина.
«Еңбек нарығына байланысты бастамалар маған қатты ұнады. Неге десеңіз, қазіргі таңда көлеңкелі экономикада жұмыс істеп жатқан төленетін арнайы жәрдемақысы өте төмен дәрежеде деп атап өтті Президент. Осыған байланысты, бұл мәселені шешуге Үкіметке тапсырма берді», – деді Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі Қазбек Майгелдинов.